Алматы. 7 қаңтар. 7kun.kz – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жастарға жеңілдікпен шағын несие (микрокредит) берудің қағидасын бекітті, деп хабарлайды 7kun.kz.
Қағида 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде бекітілді. Онда кәсіпкерлік қызметті бастағысы келетін немесе кәсіпкерлікпен айналысатын 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастар үшін конкурстық негізде микрокредит беру көзделген.
«Микрокредиттер «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы берілетін болады. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5%-дан аспайды. Қарыздың ең жоғары сомасы 5 млн теңгеге дейін және ол үшін кепілдің болуы міндетті», – делінген министрлік хабарламасында.
Микрокредиттерді кез келген мақсат үшін 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығына 7 жылға дейінгі мерзімге алуға болады. Сондай-ақ негізгі берешек пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік кезеңі көзделген, ол микрокредиттеу мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайды.
Қазіргі уақытта Еңбекмині:
- жергілікті атқарушы органдармен кредиттік шарттар жасасу;
- «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ-мен жергілікті атқарушы органдардың тапсырма шартын жасасу;
- бизнес-жобаларды қарау бойынша өңірлік комиссиялар құру бойынша жұмыс жүргізуде.
Министрлік шағын несие алуға өтінімдерді қабылдау уақыты және өтініш беретін кеңселердің мекенжайларын қосымша хабарлайды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024