Мемлекеттік билікті саясат және әкімшілік функциясына жектеу мақсатында Қазақстанда жауапты хатшының статусы күшейтілмек. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы департаментінің директоры Әли Көмекбаев мәлімдеді.
"2007 жылы енгізілген жауапты хатшы институты жас болса да, нақты жетістікке жетті. 2012 жылы жауапты хатшы мен мемлекеттік органның басшысы қызметтері жіктелді. Жауапты хатшының негізгі міндеті аппараттың кәсіби жұмысын ұйымдастыру болды", - деді Әли Көмекбаев. Бүгінде жауапты хатшы - бухгалтерия, кадрлер, заңды қызмет және т.б. тәрізді функцияларға жауапты маман. "Ендігі қадам жауапты хатшының статусын нығайту болмақ. Министрлер өз саласындағы саясатты және стратегиялық мақсаттарды анықтап, заң жобасы мәселесінде парламентпен бірлесу жұмыстарын атқарады. Ал жауапты хатшылардың миссиясы - мемлекеттік органдарды әкімшілік жағынан басқару және саяси қызметкерлердің шешімін іске асыру. Бірақ саяси қызметкерлердің ауысуы жауапты хатшылардың өзгеруіне әкелмейді", -деп түсіндірді Ә.Көмекбаев.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024