Алматы. 29 маусым. 7kun.kz - Маусым айының қорытындысы бойынша мезгілдік көкөністердің бағасы едәуір төмендеді. Мамыр айынан қызанақтар 27,4%-ға, қияр 25,1%-ға, сарымсақ 12,2%-ға, пияз 2,3%-ға, картоп 0,8%-ға арзандады.
Ал орамжапырақ 13,8%-ға, сәбіз 7%-ға, қызылша 3%-ға қымбаттады.
Жеміс-жидектерге сұраныс артпаса да, банан 6,8%-ға, апельсин 4,1%-ға, кептірілген өрік 1,2% түсті. Ал алма керісінше 1,5%-ға қымбаттады.
Басқа да азық-түлік өнімдерінің бағасы арзандады: жұмыртқа 5,4%-ға, сүт 1,1%-ға. Ал тоңазытылған балық 1,3%-ға өсті.
Ал жарма мен ұн өнімдерінің бағасы бірқалыпты, тек қарақұмық қана 1,5%-ға арзандады.
Жеміс-жидектерден жаздық қайнатпа жасау мезгілі жақындаған сайын қант қымбаттай бастайды. Қазір ол 7,1%-ға өсті. Бірақ сонда да ол 2017 жылдың дәл осы уақытымен салыстырғанда 8,7%-ға арзан.
Жазда күннің ысуынан болар, бөтелкедкгі ауыз суы 1%-ға қымбаттады.