Aлматы. 21 тамыз. 7kun.kz - Қазақстанда валюта айырбастау бекеттеріне қуатты бәсекелес пайда болады. Енді жеке тұлғалар да валютаны биржадан тікелей сатып ала-алады. Бұл туралы «Қазақстанның қор биржасы» (KASE) басқарма төрағасының орынбасары Андрей Цалюкке сілтеме жасаған abctv.kz хабарлады.
Цалюктің айтуынша брокерлік компаниялар және олардың клиенттері де шетелдік валюта нарығына жіберілетін болады. Қазіргі кезде доллар мен еуроны сатып алу нарығында тек банктер мен айырбас пункттері ғана жұмыс жасайтыны мәлім. Енді көп қаржысы бар жеке тұлғалар да биржаға шығып, валюта сатып алуға мүмкіндік берілмек.
Осы мақсатта ұлттық банк пен Қазақстанның қор биржасы шетелдік валюта нарығына брокерлік компаниялар мен олардың клиенттерін жіберу жоспарын әзірлеуде. «Біз Қазақстанның қор биржасы арқылы шетелдік валюта нарығында тек банктер ғана емес, басқалар да жұмыс жасағанын қалаймыз. Сол себепті ұлттық банкпен бірге аталған жоспарды даярлаудамыз. Тиісті жаңа заң жобасында осыған мүмкіндік беретін ережелер болады»,– деді Андрей Цалюк.
Оның айтуынша, шетелдік валюталардың ұйымдасқан нарығында қатысушылар неғұрлым көп болса, валюталық тәуекелдер де соңғұрлым төмен болады. «Ресейде, мысалы, бұрыннан нарыққа тіпті жеке тұлғалар да шыға береді», – деп нұсқады ол. Жаңа заң бойынша белгілі бір шек-лимитті анықтау көзделуде, оның аясында брокерлердің клиенттеріне шетелдік валюталар нарығына тікелеу шығу мүмкіндігі берілмек. «Бұл ретте біз әмбебап биржа ретіндегі KASE-нің бірегейлігін пайдалануға тырысамыз. Өйткені әлемде біз сияқты барлығы саудаланатын биржалар аз қалды және бұл қатысушылар үшін өте ыңғайлы. Бізде құнды қағаздарды сатып алу үшін қарыз алып, бірден сол құнды қағаздарды сатып алуға және сатып жіберуге, валютаны басқасына айырбастауға және басқа да қызметтерді алуға жол ашық», – деді Қазақстан қор биржасы басшысының орынбасары.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024