ҚР Қаржы министрлігі 2014-2016 жылдарға арналған кешенді жекешелендіру жоспарының жүзеге асырылу барысын жария етті. Бұл жөнінде Kapital.kz хабарлайды.
2014-2015 жылдардағы сауда кестесі бойынша 491 нысан жекешелендіріледі деп жоспарланған еді. 2014 жылдың маусымы мен 2015 жылдың қыркүйегі аралығында 407 нысан жекеге көшуі тиіс болатын. 2015 жылдың 21 қыркүйегі күнгі жағдай бойынша, 407 нысан сатылымға қойылып, оның 205-і сатылған. Соның ішінде: республикалық мүліктен 10 нысан, коммуналдық мүліктен - 92 нысан, ӘКК бойынша - 58 нысан және холдингтен - 45 нысан жекешелендірілген. Сатылымнан түскен қаржы былайша бөлінген: республикалық бюджетке - 2 730 млн теңге, облыстық бюджетке - 1 355 млн теңге, холдингтерге - 60 850 млн теңге және ӘКК- 2 919 млн теңге.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024