Қазақстанда жүріп жатқан жекешелендірудің екінші толқыны аясында саудаға қойылған нысандардың бағасы 20,5 мың теңге мен 39,2 млрд теңге аралығында.
Ең қымбат компания ретінде 49%-дық үлесі 39,2 млрд теңгеге бағаланған “Қазтеміртранс” АҚ тіркелген. Сонымен қатар, саудаға “Еуро-Азия Эйр” әуе компаниясы (19,74 млрд теңге), Шығыс Қазақстандағы өңірлік энергетикалық компаниясы (18 млрд теңге), Аграрлық сараптау компаниясы (15,56 млрд теңге) және 49% үлесі 9,41 млрд теңге тұратын “Қазмортрансфлот” ұлттық кеме жасау компаниясы қойылған. Ал, ең арзан сомаға бағаланған нысандардың көшін 35% үлесі 20,5 мың тұратын “Спецмаш Астана” компаниясы бастап тұр. Одан кейінгі орында “Камаз-Семей” компаниясы (49% үлесі - 29,3 мың теңге) және 50% үлесі 31,5 мың теңгеге бағаланған “Астра” өндірістік жабдықтар зауыты жайғасқан. “Қазақстан Инжирининг” ұлттық компаниясы құрамына кіретін бұл нысандар бұған дейін үш рет саудаға қойылған. Бұдан басқа ең арзан нысандар қатарына Қапшағай қаласы әкімдігінің мемлекаеттік тілді оқыту орталығы (66,6 мың теңге) мен Алматы облысы Іле ауданы әкімдігіне қарасты “Ілені көркейту” коммуналдық кәсіпорны (70 мың теңге) кіреді. 2015 жылдың 10-шілдесіндегі жағдай бойынша жекешелендірудің екінші толқыны барысында 63,93 млрд теңге сомасына 187 нысан сатылған.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024