2016 жылдың 26 қаңтардағы жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 430 объекті шығарылды, оның ішінде 243 объекті сатылды, республикалық меншік бойынша - 15, коммуналдық меншік бойынша - 118, ӘКК - 60, холдингтер бойынша - 50. Бұл туралы қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сонымен, қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 5 509 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 3 483 млн. теңгеден астам, Холдингтер 67 261 млн теңге, ӘКК 2 956 млн. теңге. 2014 - 2016 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 834 объекті жоспарланған. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың қаңтардағы кезеңінде 492 объекті жекешелендіруге жатады. Республикалық меншік бойынша Барлығы 2014-2016 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 41 объекті жекешелендіруге жатады. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың қаңтардағы кезеңінде іс жүзінде сатуға 28 объекті жоспарланған. Ағымдағы жылдың 26 қаңтардағы жағдайы бойынша сауда-саттыққа 28 объекті шығарылды, оның ішінде 15 объекті сатылды. Коммуналдық меншік бойынша Барлығы 2014 - 2016 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 491 объектінің сатылуы белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың қаңтардағы кезеңінде 243 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 26 қаңтардағы жағдайы бойынша 222 объекті шығарылды, соның ішінде 118 объекті сатылды. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша 2014 - 2016 жылдарда сату Кесте бойынша сатуға 170 объекті белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың қаңтардағы кезеңінде 109 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 86 объекті сатуға қойылды, 60 объекті сатылды. Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша 2014 - 2016 жж. арналған сату Кестесі бойынша 132 объекті жекешелендіруге жатады, 26 қаңтардағы жағдайы бойынша жоспарланған 112 объектінің 94 объектісі сауда - саттыққа шығарылды, оның ішінде 50 объект сатылды. Фото:Kapital.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024