Астана. 4 маусым. 7kun.kz - Мемлекеттік меншікті жекешелендіру мен активтер сатылымынан 4-7 млрд доллар табыс түсуі мүмкін. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов хабарлады.
«Ұлттық басқарма холдингінің құрамына кіретін мемлекет меншіктерін жекешелендіру мен активтер сатылымынан 4-7 млрд доллар табыс түсуі мүмкін. Түсім көлемі сауда нәтижесіне байланысты», - деп атап өтті Тимур Сүлейменов.
Оның айтуынша, инвестор негізінен «Самұрық-Қазына» қорының ірі 47 активіне қзығушылық танытып отыр. Олардың жетеуі IPO/SPO арқылы жүзеге асады.
«Қордың ірі компанияларының IPO стратегиясына байланысты қабылдаған шешімдеріне байланысты түсім көлемі 3,5-5,5 млрд доллар көлемінде болады деп жоспарлап отырмыз деді», - деп атап өтті ұлттық экономика министрі. Министрдің мәліметінше, 2017 жылы 31 объектті іске қосу жоспарланып отыр. Оның ішінде 21 нысан ұлттық холдингке, ал 6 нысан республика меншігіне тиесілі.
2018 жылы 101 объект сатылымға түседі. Оларға мемлекет меншігіндегі (13 объект), коммуналды меншіктегі (42), ұлттық холдингке тиесілі (8) және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (8) меншігіндегі нысандар жатады.