Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жекешелендірудің ең қымбат 5 обьектісі анықталды

Жекешелендірудің ең қымбат 5 обьектісі анықталды

Қазақстанда жекешелендірудің екінші толқынында құны 67,8 млрд теңгені құрайтын 205 обьект сатылды. Бұл туралы LS хабарлайды.

Ең қымбат обьектілердің тізімін бастап тұрған «Транстелеком» компаниясының 49 пайыздық үлесі 9 млрд теңгеге сатылды. Мемлекеттік мүлік комитетінің мәлімдеуінше, сатып алушы - алматылық жеке тұлға. Екінші орында - Қазақ мұнай-газ институты. Ол 7,54 млрд теңгеге сатылды. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының еншілесін алматылық заңды тұлға қармағына алды. Қымбат нысандардың үштігін "Қазақстан темір жолының" еншілесі "Теміржол энерго" иемденді. 51% -үлеспен 5,9 млрд теңгеге сатылды. "Қамқор локоматив" компаниясы 4,97 млрд теңгемен жекешелендірілді. "Қазақстан вагон құрылысы компаниясының" 78,47%-ы 3,47 млрд теңгеге сатылды. Ал тым арзан деп танылып, 1 теңгеге сатылған нысандардың арасында ATC Brok (үлесі - 49%), «Әлем тағам» (9,9%), «Полимер мұнай газ» (9%) және «Паркинг сервис НТ» (51%) бар. «Astana Invest» (үлесі - 9,9%) корпорациясы 2,1 мың теңгеге сатылып, арзан нысандар қатарына енді.  Zhetysu City Focus (9,9%) –193 теңгеге, Jinsung Zhetysu (9,9%) – 212 теңгеге жекешелендірілді.  «Ойыл» және «Ырғыз» сервис дайындау орталықтары 9% үлеспен әрқайсысы 4,5 мың теңгеге сатылды. Нысандарының арасында 47% үлеспен "Сервис-прибор" компаниясы тегін жекешелендірілді. Естеріңізге сала кетейік, жекешелендірудің екінші толқыны 2014 жылы жазда басталған еді. 2015 жылдың 21 қыркүйегінде 205 нысан сатылды. Саудада құны 168,8 млрд теңгені құрайтын 174 нысан бар.

Похожие материалы