Жекешелендірудің екінші толқыны аясында 2015 жылдың маусымында 55,3 млрд теңгенің обьектісі жүзеге асырылды деп хабарлайды Қазақстанның қаржы министрлігіндегі жекешелендіру және мемлекеттік мүлік комитеті төрағасының орынбасары Қалымжан Ибраимов.
"2014-2015 жылдарға 496 обьект жекешелендіру жоспарланған. Олардан 313 обьект саудағы шығарылды, 173 обьект сатылды. 140 обьект бірінші рет сатылымға шығарылды. Тағы 183 мүлік осы жылдың соңына дейін бағаланатын болады", - деді ол Астанадағы брифинг кезінде. KEGOC IPO-сын есептегенде жалпы сатылым көлемі 55,3 млрд теңгені құрайды. Оның сөзінше, аталған қаржының 860 млн теңгесі республикалық бюджетке, 811 млн теңгесі жергілікті бюджетке жіберілді. 2,9 млрд теңге әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының есепшотына, 50,7 млрд теңге холдингтер есепшотына бөлінді. Осы арқылы жекешелендірудің 91 пайызы холдингке түскен. "Негізінен бұл обьектілер "Самұрық-Қазынанікі". Жалпы көлемі 47,3 млрд теңгені құрады", - деп атап өтті ол. К.Ибраимовтың сөзінше, 89 физикалық тұлға, 82 заңды тұлға сатып алушы болды. Сондай-ақ 2 жеке кәсіпкер және 2 резидент емес бар.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024