Экономика
Жексенбі күні Алматыдағы әл-Фараби даңғылы жабылады
"4 қазан сағат 08.30-дан 15:00-ге дейін әл-Фараби даңғылының барлық бағыттардағы, Мұстафин көшесінен Достық даңғылығына дейінгі, ШААЖ бойымен Достық даңғылынан Халлиулин көшесіне дейінгі жолдарда барлық көлік түрлерінің қозғалысы шектеледі",- деді ІІД-інің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылдың 4-қазаныда Алматы қаласында ауқымды мемлекетаралық "Алматы Веложарысы-2015" шарасы өтеді. Бұл шараға 200-ден астам спортшылар әлемнің 21 кәсіби велокомандаларынан келеді.