Шымкент. 20 шілде. 7kun.kz – Кеше әлеуметтік желілерде әйел адам өзінің күйеуі прокурор екенін айтып, күзетшіні қорқытып, жанжалдасып жатқан видео тараған болатын. Шымкенттік полицейлер видеодағы әйелдің кім екенін анықтады, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Әлеуметтік желіде «Қызылорда облысы прокурорының әйелі күзетшімен сөзге келген» деген ақпарат тарап жатыр. Осы факті бойынша 19 шілдеде Шымкент қалалық ІІБ Әл-Фараби аудандық полиция бөліміне күзет мекемесінің қызметкерінен 15 шілде күні сағат 14:00 шамасында белгісіз әйел адамды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы арыз түскен. Әйел адам ЖШС-нің күзет қызметкерлеріне балағат сөздер айтқан. Әл-Фараби ауданы ӨҚБ қызметкерлері әйелдің жеке басын анықтады», – деп хабарлады Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі.
Видеода жанжалдасып жатқан әйел адам 1984 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты.
«Ол бұрын азамат Д.-мен (прокуратура қызметкері емес) некеде болған. Қазіргі уақытта әйел ресми түрде ешкіммен некеде емес», – делінген хабарламада.
Ведомствода әйелге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 434 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту шаралары жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024