Алматы. 18 сәуір. 7kun.kz – Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері жұмысқа 8:30-да шыға бастады, түскі ас уақыты жарты сағатқа қысқарды, деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс бойынша директоры Арман Бердалин.
«Агенттік төрағасының тапсырмасы бойынша біз бүгіннен бастап жұмыс уақытының пилоттық режимін енгізіп жатырмыз. Енді жқмыс 9:00-ден емес, 8:30-дан басталады. Түскі ас жарты сағатқа қысқарып, 1 сағатты құрайды. Жұмыс күнінің аяқталуы сағат 18:30-да емес, сағат 17:30-да болады. Бұл мемлекеттік қызметшілерге өзін - өзі дамытумен айналысуға мүмкіндік береді, жеке, отбасылық сипаттағы мәселелерді шеше алады», - деді Бердалин бүгінгі брифингте.
Ол аталмыш тәжірибені сынақтан өткізгеннен кейін агенттік басқа мемлекеттік органдармен бөлісе алатынын атап өтті.
«Бұл агенттіктің орталық аппараты мен аумақтық бөлімшелері. Егер тәжірибе жақсы өтсе, онда біз басқа мемлекеттік органдарға да ұсына аламыз», - деді Арман Бердалин.
Ал агенттік директоры Жарқын Тілеукенов еңбек заңнамасы бойынша жұмыс күні режимін әрбір ұйымның өзі белгілейді деп атап өтті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024