Алматы. 28 қаңтар. 7kun.kz - Энергетика министрлігінің бұрынғы вице-министрі Ғани Сәдібеков пен Бақытжан Жақсалиевке қатысты қылмыстық істер сотқа берілмеген, деп хабарлады Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Алик Шпекбаев.
"Танысу жүріп жатыр, Әлі сотқа берілмеген. Белгілі бір уақыт бар (танысу үшін – ИФ-К), бұл олардың құқығы. Егер ұзақ нұсқа болса, біз танысу кестесіне көшеміз. Кесте бойынша олар наурыз болмаса, сәуір айында танысуы керек", - деді А. Шпекбаев.
Өткен жылдың қарашасында Ғ. Сәдібеков пен Б. Жақсалиевке қатысты тергеу аяқталды және тараптар іс материалдарымен таныса бастады.
Айта кетейік, Ғ. Сәдібеков - 1 млрд теңге, Б. Жақсалиев - мемлекетке 740 млн теңгеден астам шығын келтірген деген күдікке ілінген.
Сондай-ақ, 2018 жылдың қараша айында үшінші Энергетика вице - министрі Анатолий Шкарупа қамауға алынды. Ол Қарағанды облысының Саран қаласының әкімі қызметінде 2015 жылы жылу есептегіш құралдарын орнатуға бөлінген 215 млн теңгені жымқырды деп айыпталды. А. Шкарупаға қатысты қылмыстық істі Қазақстанның Бас прокуратурасы жүргізіп жатыр.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024