Осы жылдың 20 сәуірінде жеңілдетілген автонесие арқылы отандық автокөліктерді алуға мүмкіндік беретін бағдарлама бастау алған болатын. Содан бері, міне, бір айдан астам уақыт өтті. Осы уақыт ішінде қанша автонесие берілді, қай банктер несиені беріп жатыр, қай банктер беруді тоқтатты, бұл бағдарлама қанша уақытқа созылады деген сұрақтарға 7kun.kz әзірлеген шолу жауап береді.
2015 жылдың басында үкімет отандық автокөлік өндірушілерді қолдау мақсатында Ұлттық қордан 20 млрд теңге бөлді. Оның 15 млрд теңгесі жеке тұлғаларға автонесие беру үшін бағытталды. Бағдарлама аясында ішінде жеңіл автокөліктер және жол талғамайтын автокөліктер мен кроссоверлері бар Қазақстанда құралған 55 үлгідегі машинаны алуға болады деп жарияланды. Шарттары төмендегідей болды:- Номинал сыйақы мөлшерлемесі 4%-дан аспауы қажет;
- Жылдық тиімді мөлшерлемесі 7,5%-дан аспауы қажет (бұған КАСКО бойынша сақтандыру және автокөлікті кепілге рәсімдеу бойынша шығындар да кіреді);
- Несиенің берілетін мерзімі 5 жылдан аспауы қажет;
- Несие валютасы — теңге;
- Бір көліктің бағасы 5,6 млн теңгеден аспауы қажет;
- Міндетті алғашқы жарна сатылатын көліктің 20%-нан аспауы қажет;
Автокөліктер сатылымының өсімі — Президент бастамасының аясында іске қосылған отандық автокөліктерге арналған жеңілдетілген несие беру бағадарламасының іске асырылуынан болған эффект. Бағдарлама тұтынушылар арасында жоғары сұранысқа ие.2015 жылдың 25 мамырындағы жағдай бойынша банктер өз лимиттерін келесідей игерген: Мамыр айының басы мен ортасындағы аралық көрсеткіштерді аттап өтіп, бірден мамырдың аяғында мәлім болған ақпаратқа тоқталайық.
2015 жылдың 26 мамырындағы жағдай бойынша «Қазақстанның Даму банкі» (ҚДБ) жалпы сомасы 7,1 млрд теңге болатын 2207 өтінішті мақұлдады. Осылайша жеңілдетілген автонесие беру бағдарламасына бөлінген 15 млрд теңгенің жартысына жуығы (48%-ы) жоба аясында несие түрінде рәсімделді.
Жаздың аяғында бағдарлама шеңберінде бөлінген қаражат толығымен аяқталуы мүмкін. Бұл туралы Қазақстан Даму банкінің құрылымдық қаржыландыру департаментінің директоры Мөлдір Сауытбекова хабарлаған болатын:2015 жылдың сәуір-мамырында келіп түскен өтінімдердің көлеміне қарағанда, ҚДБ бағдарлама қаражаты 2015 жылдың тамыз айының соңына дейін аяқталады деп болжап отыр.Бұл ретте айта кететін жайт, Ұлттық қордан бөлінген 15 млрд теңгеге толығымен несиелер берілгеннен кейін бағдарлама тоқтап қалмайды. Бұл ұзақ мерзімді бағдарлама. 20 жылға есептелінген. ҚДБ-ның құрылымдық қаржыландыру департаментінің директоры Мөлдір Сауытбекова бұл туралы былай дейді:
Соңғы борышкерлердің ай сайынғы жоспарлы өтем сомаларының есебінен бұл қаражат банк шоттарында жинақталатын болады және келешекте несиелер қайтадан берілуі мүмкін. Яғни, борышкерлер 2015 жылдың маусым-шілдесінде-ақ банктерге жүгініп, 2015 жылдың сәуір-мамырында берілген несиелер бойынша өтем сомасынан түскен қаражаттан автокөлікті несиеге рәсімдей алады. Бағдарлама қаражаты толық игерілгеннен кейін несиелерді өтеуден түсетін ай сайынғы қаражат көлемі 200-250 миллион теңгені қамтиды, бұл қаражатты 60-70 автокөлікті несиелендіру үшін бағыттауға болады.Дайындаған Алмас Өтебай "7"
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024