ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті отырысында жер реформасы бойынша Комиссия құру туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын іске асыру барысы қаралды. Бұл туралы премьер-министрдің ресми сайтында хабарланды. Комиссия құрамына Парламент Мәжілісі мен Сенатының депутаттары, Үкімет мүшелері, саяси партиялардың, агробизнестің, салалық қауымдастықтардың өкілдері, ғалымдар және азаматтық белсенділер кіреді. Сонымен қатар, өңірлерді де көптеп қамту үшін Комиссия жұмысына қоғамдық кеңестер де тартылатын болады.
Аталған мәселе бойынша ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Комиссия жетекшісі Бақытжан Сағынтаев баяндады.
Сондай – ақ, отырыста Комиссия жұмысын ұйымдастыру мәселесі бойынша ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов пен ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың хабарламалары тыңдалды. Комиссияның саяси партиялармен, қоғамдық ұйымдармен және өңірлермен өзара іс-қимылы туралы «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед, Комиссия жұмысындағы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының рөлі туралы «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов сөз сөйледі.
Талқылауды қорытындылай келе, Кәрім Мәсімов Комиссия жұмысының ел жұртшылығы үшін маңыздылығын атап көрсетті.
Үкімет басшысы осыған байланысты ақпарат және коммуникациялар министрлігіне Комиссия жұмысының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын ұйымдастырып, өңірлерде тиісті ақпараттық жұмыстарды жүргізуді тапсырды.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024