Алматы. 24 тамыз. 7kun.kz – 2018 жылдың І жартыжылдығында Жерді пайдалану бойынша жер заңнамасын бұзғандарға 23 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл жөнінде Алматы қаласы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Ержан Сейтенов мәлім етті.
Оның айтуынша, басқармамен барлығы 547 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 515 Қазақстан Республикасы жер заңнамасын бұзушылық анықталып, жалпы сомасы 23 364 490 теңгеге айыппұл түріндегі әкімшілік шаралар қолданылған.
«Оның 58-і – мемлекет меншігіндегі жерді өз еркімен басып алғаны үшін жүргізілді. Соның негізінде Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 136 бабы бойынша 15 812 820 теңге сомасына айыппұл салынды. Тағы 13-і – жер учаскесін нысаналы мақсатын бұза пайдаланғаны үшін тексерілді. Оған ӘҚБтК 339 бабы 1 тармағы бойынша 480 970 теңге сомасына айыппұл салынды. Ал 6 тексеріс – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдаланбағаны үшін жүргізілген. Ол бойынша ӘҚБтК 338 бабы негізінде 7 070 700 теңге сомасына айыппұл салынды. ӘҚБтК талаптарына сәйкес 160 әкімшілік іс бір өндіріске біріктіріліп, 1 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы шығарылды» - дейді Ержан Сейтенов.
Оның айтуынша, 279 – нысандар құрылысы үшін берілген жер учаскелерін пайдаланбағаны үшін тексеріліп, олар бойынша жер учаскесін мақсаты пайдалану бойынша шаралар қабылдау жөніндегі нұсқамалар берілді. Аталған заң бұзушылық үшін әкімшілік айыппұл көзделмеген.
«Салынған 77 әкімшілік айыппұлдың 35-і, яғни 13 864 825 теңге сомасын заң бұзғандар өз еркімен төледі. Ал 9 499 665 теңге көлемінде салынған айппұлдың иелер, яғни 42-сі мәжбүрлеп өндіруге сот орындаушыларға жолданды» - дейді ол.
Сонымен қатар, Басқармамен Алматы қаласының соттарына жеке және заңды тұлғаларға тиесілі нысандар құрылысы үшін берілген пайдаланбай жатқан 78 жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы талап арыздар берілген.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024