Алматы. 19 қаңтар. 7kun.kz - Қазақстанда қолданысқа енгізілген жаңа салық кодексі жетім балаларды асырап алған ата-аналарды табыс салығынан босатады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің вице-министрі Руслан Дәленов ОКҚ-да өткен баспасөз маслихатында мәлімдеді.
«Жетім балаларды асырап алғандар жылдық табысының мөлшеріне қарай табыс салығынан босатылады», - деді вице-министр. Қараусыз балаларды асырап алған отбасының табысы 2,1 млн теңге көлемінде болса, енді олар салық төлемейтіндер қатарына кіреді. Руслан Дәленов өз сөзінде асырап алынған бала 16 жасқа толғанға дейін ата-анасы осы жеңілдікке ие болатынын айтты. Сондай-ақ, жаңа салық кодексінде мүгедек болып қалған ата-ананың біріне жер салығы, тіркеу алымы, мемлекеттік баж бойынша жеңілдік қарастырылған. Ұлттық экономика вице-министрінің айтуынша, Қазақстанда 76 мыңға жуық азаматқа осы бағыт бойынша жеңілдік беру көзделіп отыр.Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024