Түркия. 7 шілде. 7kun.kz – Түркияда қазақстандық «Жібек жолы» кемесі тұтқыннан босатылды. Бұл туралы Украина Сыртқы істер министрлігінің Facebook желісіндегі жазбасынан кейін белігілі болды. Олар бұл шешімге наразы, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Жібек жолы кемесі басып алынған Бердянсктен Түркияның Карас портына астық тасымалдамақ болды. Украинаның құзырлы органдарының жедел араласуының арқасында кемедегілер жүкті түсіре алмай, ұсталды. Түрік тарапына кеме мен жүкті тұтқынға алу туралы өтініш жіберілді. Алайда кеме 6 шілде күні кешке босатылды», – делінген хабарламада.
Сыртқы істер министрлігі мәлімдемеде украин тарапының кеменің босатылуы туралы хабарға «қатты көңілсіз» реакция білдіргенін айтты. Түркия елшісін Украина Сыртқы істер министрлігіне шақырды. Бұған қоса, Украина жағдайды тексеруді және «болашақта мұндай жағдайлардың алдын алуды» айтып, Түркия тарапына жүгінді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024