Экономика
Жол қозғалысы ережесін тұрақты бұзғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырмайды

Әкімшілік кодекстың жаңа нұсқасына сәйкес, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірдей Жол қозғалысы ережелерін үш рет қатарынан бұзған жүргізушіні куәлігінен айырмайды. Аталған өзгеріске ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстен "Тұрақты түрдегі құқықбұзушылықтар туралы" атты 629-баптың толықтай алынып тасталуы себеп болып отыр. Бұл жайтты ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті де растап, жойылған баптың орнына балама заң талаптары немесе өзгертулердің енгізілмегенін мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетсек, 629-бап бойынша қатарынан үш бірдей жол ережесін бұзған жүргізуші көлік құралын жүргізу құқығынан бір жылға айрылатын. Дереккөз: Kolesa.kzПохожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025