«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» мекемесі мектептерді аралап, жоғарғы сынып оқушыларын жолшы мамандықтарын игеруге белсенді түрде шақырып жүр. Себебі мекеменің «2000 мектеп» деген арнайы бағдарламасы бар. Әр өңірдегі филиал қызметкерлері апта сайын мектептерді аралап кездесулер ұйымдастыруда, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметі.
Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының Алматы филиалы жыл басынан бері қала мектептеріне барып, оқушыларға жол саласында еңбек етудің артықшылықтары мен маңыздылығын түсіндіруде. 2022 жылдың басынан бастап бір жылда филиал директоры Мәулен Тоқтарбайұлының жетекші болуымен бір топ қызметкер қала мектептерін аралап, жоғарғы сынып оқушыларымен белсенді түрде кездесті. Жыл басынан бері қамтылған мектеп саны – 135. Мектеп түлектеріне кәсіби бағдар беру, олардың жол саласына қатысты мамандық таңдауға шақыру өзекті мәселе дейді Мәулен Тоқтарбайұлы.
«Елімізде 7000-ға жуық мектеп бар екен, соның бәрін қамтысақ деген жоспар бар. Әр өткізген дәрістен кейін оқушылар қызығушылық танытып, көптеген сұрақтар қойып жатады. Жол саласының мамандарын даярлайтын тиісті оқу орындарына түсіп те жатыр», – дейді Мәулен Әліпов.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы 2025 жылға дейін елдегі жолдың 95 пайызы жақсы жағдайға жетуі тиіс дегенді тапсырма түрінде айтқан еді. Ал жыл сайын республикада шамамен 10 мың шақырым жергілікті жолдар жаңғыртудан өтеді. Бірақ халық тарапынан жол сапасына көңіл толмайды. Түрлі баспа, телеарна мен әлеуметтік желідегі жазбаларда жол сапасына деген сын көп. Бұның бір себебі – осы саладағы кадр тапшылығы. Ол үшін жастардың ынтасын ашып, жол саласында еңбек етуде, осы мамандықты таңдауға шақыру керек екенін мекеме басшысы Замир Сағынов та жиі айтады.
Ел экономикасының, дамығанының бірден бір көрсеткіші - тақтайдай түзу сапалы жол. Ал сол жолды салатын білікті, білімді мамандар. Бұл салаға мықты мамандар, әсіресе, білімді жастар үнемі қажет. Алматы филиалының директоры Мәулен Әліповтің айтуынша, кәсіптік бағдар беру жұмыстары ары қарай жалғасын тапса, жол саласына қызыққан жастар қатары көбейіп, маман тапшылын еңсеруге болатын сияқты.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024