Алматы жолдарын тексеру кезінде алынған сынамалардың 40%-ы талапқа сай емес екені белгілі болды. Бұл туралы Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы Алматы филиалының баспасөз қызметі хабарлады.
Мекеме қызметкерлері жыл басынан бері 210 рет қала көшелеріне шығып, жолдарды тексерген. Тексеру барысында 77 олқылық анықталған. Оның ішінде 31 өрескел ақаулық табылды. Тапсырыс беруші мен мердігерге тиісті хабарлама берілген. Аталған өрескел ақаулардың тек екеуі ғана реттелген.
Ал жыл басынан бері қала көшелерінен 577 сынама алынған. Алынған сынама үлгілер зертханаға жіберілді. Түрлі сынақтар, тексерулер нәтижесінде 201 сынаманың талапқа сай еместігі белгілі болды. Бұл нәтиженің барлығы тапсырыс берушіге ұсынылған.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024