Алматы. 19 маусым. 7kun.kz – Алматыда сот экс-банкир Жомарт Ертаевты қамау мерзімін ұзартты. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысымен Жомарт Ертаев 15 тамызға дейін қамауда отыратын болды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Бас прокуратурасының тергеу оперативтік тобының басшысы сотқа дейінгі тергеу жұмыстарының аяқталмауына байланысты сот мерзімін кейінге шегеру туралы сотқа өтініш түсірген болатын. Сот тергеу тобы басшысының өтінішін қанағаттандырды.
Еске сала кетейік, оған 2018 жылдың наурыз айында халықаралық іздеу жарияланған болатын. Жомарт Ертаев 2011-2017 жылдар аралығында қызметтік жағдайын пайдалана отырып, басқа тұлғалармен алдын ала келісу арқылы «BANK RBK» АҚ-ның 144 млрд теңгесін жымқырды деген күдікке ілінді.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024