Алматы. 27 маусым. 7kun.kz — Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін пәтерлердің саны артады. Құрылысқа жеке инвесторларды тарту жоспарлануда. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр мәлімдеді.
"Мемлекет басшысының тапсырмасына келер болсақ, ағымдағы жылы біз жұмыс істеп жатқан жастарға арналған үш қалада - Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында - 1 мың пәтер салуды жоспарлап отырмыз. Енді бұл жоспарлар қайта қаралды. Бұл қалаларда 2019, 2020 және 2021 жылдары үш мың пәтер беріледі", - деді министр Роман Скляр.
Сонымен қатар, Роман Скляр мемлекеттен жалға берілетін тұрғын үй алуға құқығы бар азаматтардың 7 санаты туралы еске салды.
"Әкімдіктерде бұл тізімдер жарияланады. Жаңа тетіктерге қатысты. Өздеріңіз білесіздер, Елбасының съезде айтқан тапсырмасы бойынша мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған көп балалы, толық емес отбасылар үшін 20 жыл мерзімге 10% бастапқы жарнамен жылдық 2%-бен несие беріледі. Бұл құқықты жергілікті атқарушы органдардың кезекте тұрғандары пайдалана алады, тиісті бағыт алып, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне осы несие үшін келеді", - деп атап өтті Роман Скляр.
Оның мәліметінше, аз қамтылған азаматтар үшін жалға берілетін пәтерлер құрылысының өсуі Ұлттық банкпен бірлесіп жүргізіледі. Осы санаттағы тұрғын үй құрылысын ұлғайту үшін жеке инвесторларды, жеке құрылыс салушыларды тарта отырып, жаңа тетік әзірленеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024