Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жұмысқа мұқтаж қазақстандықтардың саны өсті

Жұмысқа мұқтаж қазақстандықтардың саны өсті

Алматы. 8 қазан. 7kun.kz — Жұмыспен қамту қызметінде тіркелген қазақстандықтардың саны жыл басынан бері 92%-ға өсті.

2019 жылдың басында жұмысқа мұқтаж қазақстандықтар 91,6 мың адамды құрады, ал тамыз айының қорытындысы бойынша 175,7 мың адам тіркелген, осылайша, сегіз ай ішінде көрсеткіш 92%-ға өсті.

Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында бұл өсім ең жоғары болып шықты, оны статистикалық мәліметтер куәландырады.

Мысалы, Қырғызстанда жұмыспен қамту қызметінде тіркелген жұмыссыздар саны жыл басынан 17,2%ға, 83,1 мың адамға дейін, Ресейде - 2,7%-ға, 712,3 мыңға дейін өсті.

Ал Армения мен Беларусьте бұл көрсеткіш керісінше, тиісінше, 4%-ға - 62 мың адамға дейін және 4,8%-ға - 11,9 мың адамға дейін қысқарды.

ЕАЭО елдеріндегі жұмыспен қамту қызметтеріндегі адамдардың жалпы санына келетін болсақ, жыл басынан бері 12%-ға артып, 1 миллионнан астам адамды құрады.

Похожие материалы