Нұр-Сұлтан. 6 қыркүйек. 7kun.kz – Жұмысынан айырылғаны үшін төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері табыстың 45%-на дейін артады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Президенттің Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы таныстырылды.
«Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін жұмысынан айрылған кездегі әлеуметтік төлемдердің мөлшері орташа айлық табыстың 45%-на дейін ұлғайтылады», - деді Қуантыров.
Сондай-ақ 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтіміне байланысты төлемдердің мерзімі бір жарым жасқа дейін ұлғайтылады. Әйелдердің зейнетке шығу жасын арттыруды 2028 жылға дейін тоқтату үшін арнайы заң қабылданады
Апатты және үш ауысымды мектептердің проблемаларын шешу үшін «Жайлы мектеп» жаңа ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін 800 мың оқушы орнына арналған мектептер салынады.