Алматыда танымал журналист, блогер Ботагөз Жұманованы 8 қазан күні белгісіз біреу ұрып кетті деп хабарлайды total.kz
Ботагөз үйінің есігін аша берген кезде спорттық киімдегі белгісіз біреу тап беріп, басынан ұрған. Жәбірленуші естен танғаннан кейін қылмыскер тепкілеп, қашып кеткен.
«Бұл тонау емес. Соққылар арнайы жасалған. Ботагөз есінен танып қалған. Бізде жігіттің бет-бейнесі анық көрінетін видеожазба бар. Оны әлеуметтік желіге таратамыз. Қазір Бота нейрохирургия бөлімінде жатыр. Миы шайқалған. Мұрыны, тағы бірнеше жерлері сынған. Қазір ауруханада біргемін», - деді Ботаның жақын құрбысы Лариса Пак. Ботагөз Жұманова - танымал қаржы саласындағы журналист. Оның сараптамалық мақалалары мен пікірлері өз әріптестері, достары, қарапайым адамдар арасында жоғары бағаланады. «Бота әділ, өзінің айтқанынан қайтпайтын адам. Ешкімге сатылмайды. Балалар үйі мен асырандыларға үнемі көмектесіп жүреді. Қайырымдылық істерінің бірін де айтпайды, бізге. Тіпті өзі қайырымдылық жасаған адам, Ботаға несиеге алған көлігін сыйлады. Оны соққыға жығу кімге керек болды?!», - деді Ботаның әріптестерінің бірі.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024