Алматы. 20 желтоқсан. 7kun.kz – Алматы қаласының тергеу соты журналист Михаил Козачковты 2 айға қамауға алу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Бүгін Алматы қаласының тергеу соты тергеу органдарының М.Козачковқа қатысты бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхатын қарады. Тергеу сотының шешімімен М. Козачковты екі ай мерзімге, яғни 2023 жылдың 18 ақпанына дейін қамауға алу туралы шешім қабылданды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес соталды тергеп-тексеруге қатысты өзге де мәліметтер тергеу құпиясы болғандықтан жария етілмейді», – делінген Алматы сотының хабарламасында.
Еске салайық, 18 желтоқсанда «Время» газетінің тілшісі және Kozachkov offside телеграм арнасының авторы Михаил Козачков ұсталды. Оған Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына рейдерлік жолмен бизнесті тартып алуға көмектескен деген күдік келтіріліп отыр.
Бұл іске қатысты Тоқаевтың баспасөз хатшысы Руслан Желдібай пікір білдіріп, бұл іс Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тек құқық шеңберінде қаралуға тиіс екенін атап өтті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024