Алматы. 12 қазан. 7kun.kz - «Түркітілдес журналистер қоры» қоғамдық қоры және «Халық банкі» АҚ демеушілігімен журналистерге арналған «Еркін сөз» шығармашылық байқауы өтеді.
Байқау журналистердің шығармашылық әлеуетін ашу және журналистер қауымын ынталандыру мақсатында ұйымдастырылады.
Байқаудың міндеттері: а) Қазақ журналистерінің кәсіби біліктілігін көтеру; ә) Жас журналистерді ынталандыру.
Сыйлықтарды тағайындау және дипломдар мен бағалы сыйлықтарды тапсыру Тәуелсіздік күні мен Қаржыгерлер күнімен сабақтастырылады.
Байқау комиссиясы Байқау жеңімпаздарын іріктеу барысында мына шарттарды басшылыққа алады: материалдардың объективтілігі; кәсіби шеберлігі; қоғамдағы түйткілдердің айқындалуы және жан-жақты ашып көрсету; материалдар туғызған қоғамдық резонанс.
Байқауға қатысу шарттары Байқауға қатысуға барлық БАҚ журналистері шақырылады. Ұсынылатын жұмыстардың тақырыбы Байқауға қатысуға қаржылық (Қазақстан Тәуелсіздік алғалы бері 26 жылда қаржы саласында қол жеткізген жетістіктері, қаржылық саясат, ұлттық валюта, банк қызметі ) тақырыптағы материал қабылданады. 2017 жылдың 9 қазанынан 2017 жылдың 27 қараша аралығында жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар, сондай-ақ жарияланымдар мен бағдарламалар циклдері түрлі жанрларда (очерк, сұхбат, мақала, телевизиялық және радио бағдарламалар, журналистік зерттеулер және басқалары) қабылданады.
Байқауға ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар Жарияланымдар түпнұсқа немесе материалдардың ксерокөшірмесі түрінде (басылымның атауы, күні және автормен байланыс жасау мәліметтері толық көрсетіле отырып) ұсынылуы тиіс. Дыбыстық-визуалды жұмыстар эфирлік анықтамамен бірге телевизиялық бағдарламаның көшірмесі түрінде (cd/dvd дискілерінде, flash-тасымалдаушыларында) ұсынылуы тиіс. Электрондық БАҚ журналистері жарияланған материалдардың көшірмесін интернет-сайтта орналастырылғанын растап жолдауы қажет. Материалдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілінде қабылданады.
Байқауға материалдарды қабылдаудың соңғы күні – 27 қараша 2017 жыл, сағат 18:00. Ұсынылатын материалдарға мыналар қоса беріледі: журналист туралы қысқаша өмірбаяндық ақпарат, журналистің 3х4 см мөлшеріндегі фотосуреті, ақпараттық материалдар тізімі.
Жеңімпаздарды жариялау келесі номинациялар бойынша байқауды жалпы қорытындылау аясында іске асырылады: Үздік видеосюжет (телевидение); Үздік радиохабар (радио); Үздік мақала (газет); Үздік шығармашылық топ; Сайттағы үздік мақала; Үздік фоторепортаж; Жеңімпаздарды марапаттау.
Әр номинация бойынша жеңіске жеткен жүлдегерге 150 000 (жүз елу мың) теңге көлемінде сыйақы, диплом және статуетка табысталады. Ұйымдастырушы туралы байланыс ақпараты Байқаудың ұйымдастыру комитеті: «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ.
Мекен-жайы: Алматы қаласы, 050008, Жароков көшесі, 39А. Байланыс телефоны: + 7 778 878 34 08; электронды пошта: erkinsoz2017@gmail.com
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024