Жүрсіннің құдасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының төрағасы болып қайта сайланды
Алматы. 25 мамыр. 7kun.kz – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус жасырын дауыс беру нәтижесінде ұйым төрағалығына тағы бес жылға сайланды, деп хабарлайды 7kun.kz.
БҰҰ жанындағы халықаралық ұйым Женева қаласында Денсаулық сақтаудың әлемдік ассамблеясын өткізіп жатыр. Төраға сайлауы да сол жерде өткен. Тедрос жалғыз кандидат болып тіркелген.
«Сайлау процесі өткен жылдың сәуір айында басталды, ДДСҰ-ға мүше елдерге ұйымның Бас директоры лауазымына үміткерлерді ұсыну туралы хабар тараған. Қаңтардағы кездесу барысында ДДҰ Атқарушы кеңесі бұл лауазымға доктор Тедросты ұсынды», деп жазды БҰҰ ресми сайты.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ДДСҰ-ның қазіргі басшысы 160 дауыстың 155-ін жинаған. Ең қызығы, өзі туған Эфиопияның қолдауына ие болмапты. Тедрос Гебрейесустің жаңа өкілеттік мерзімі 16 тамызда басталады. Ережеге сәйкес, ДДСҰ бас директоры тек бір рет қайта сайлана алады.
Естеріңізде болса, 2021 жылдың 6 желтоқсанында Тедрос Гебрейесус белгілі ақын, айтыс өнерінің жанашыры Жүрсін Ерманды 70 жасқа толғанымен қазақ тілінде құттықтаған. Тедростың ұлы Жүрсін Ерманның жиен немересіне үйленген.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024