Экономика
2018 жылы Транскаспий бағдарымен 3 млн тонна жүк тасымалдауды жоспарлап отырмыз - Алпысбаев
Алматы. 16 қараша. 7kun.kz — 15 қарашада Бакуде «Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) халықаралық қауымдастығының» ЗТБ мүшелерінің жалпы жиналысы өткізілді. Жалпы жиналыста аталмыш бағдарда жүк тасымалдау көлемін арттыру мәселесі талқыланды.
«Жаңа теміржол бағдарын ашу – бұл тарихи оқиға. Бізге осы бағдардың инфрақұрылымын жақсартып, дәліздің өткізу әлеуетін көтеріп, қосымша жүктер тартуды белсенді жүргізуіміз керек»,-дейді «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев. Оның айтуынша, биылғы жылы ТХКБ аумағында тасымал көлемін 725 мың тоннаға жеткізу жоспарланған болатын. Қазірдің өзінде жүк тасымалы бір миллион тоннаға жетті. Жыл қорытындысы бойынша 1,3 миллион тоннаға жететін түрі бар. «Біз келесі жылы Транскаспий бағдарымен қазақстандық көмір, химиялық, тау-кен өнімдерін тасымалдау, контейнерлік тасымалды дамытуды жоспарлап отырмыз. 2018 жылы ТХКБ бағдарымен 3 миллион тонна жүк тасымалдау жоспарымызда бар»,-дейді Қ. Алпысбаев. Келесі жылы ТХКБ бағдарымен мұнай, газ ғана емес, қазақстандық астықты Әзірбайжан, Грузия, Түркияға шығаруды жоспарлап отыр. Жиналыс аясында Қауымдастықтың 2017 жылы атқарған қызметінің алдын ала қорытындысы қаралды. Сондай-ақ, 2018 жылғы ТХКБ бағдарындағы тарифтік мөлшерлеме бекітілді. Сонымен қатар Баку- Тбилиси – Карс жаңа теміржол желісіндегі жүк тасымалының тарифтік мөлшерлемесі қаралып, бекітілді. Қауымдастықтың 2018 жылға арналған шараларының жоспары мен бюджеті бекітілді. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024