
Алматы. 11 мамыр. 7kun.kz - 2017 жылдың қаңтар-сәуіріндегі Қазақстанның ЖІӨ өсімі 3,7 пайызды құрады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов сенаттың пленарлы отырысында мәлімдеді.
"Статистика мәліметіне сәйкес, ЖІӨ өсімі 4 айда 3,7 пайызға өсті. Бұл қуанышты жаңалық. Себебі, тоқсан қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 3 пайыз болған", - деді Тимур Сүлейменов.
"Жақсы көрсеткішке ие болған тау-кен және қайта өңдеу өнеркәсіптері. Сонымен қатар, транспорт, логистика және ауыл шаруашылығында да өсім байқалды", - деп атап өтті ұлттық экономика министрі.
Үкімет 2017 жылы Қазақстанның ЖІӨ өсімі 2,5 пайызға жетеді деп болжады. 2016 жылы бұл көрсеткіш 1 пайызды құраған.