Алматы. 19 мамыр. 7kun.kz – 2022 жылдың алғашқы 4 айында мемлекеттік бюджетке салықтан 4 трлн 917,2 млрд теңге қаржы түскен. Жоспар 450 млрд теңгеге артығымен орындалған, деп хабарлайды 7kun.kz.
Мемлекеттік кірістер комитеті таратқан ақпарат бойынша, бұл көрсеткіш өткен жылдың алғашқы 4 айымен салыстырғанда 1 трлн 873,5 млрд теңгеге көп. Республикалық бюджет 100,7%-ға орындалған. Жергілікті бюджет те 136,3%-ға орындалып, салықтық түсім жоспарланған 1 трлн 175,5 млрд теңге жоспарланған. Бірақ 1 трлн 602,5 млрд теңге түскен.
Республикалық бюджетке түсетін түсімдер бойынша ең жоғары өсім корпоративті кіріс салығы (ККС) бойынша - 571,0 млрд теңгеге немесе 2 есеге, тұтыну тауарларына ҚҚС - 433,2 млрд теңгеге немесе 4,6 есеге, мұнайға экспорттық кедендік баж салығы - 311,9 млрд теңгеге немесе 2,1 есеге, 3 елден импортқа 90,4 млрд теңге немесе 39,0%-ға ҚҚС төленген.
"Түсімдердің өсуіне мынадай факторлар әсер етті: 2022 жылдың 4 айында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда негізгі экспорттық позицияларға, оның ішінде мұнайға - 65,1%, алюминийге - 51,9%, мырышқа-40,9%, қорғасынға-16,5% және мысқа 15,4% бағаның өсуі байқалады. Шикі мұнайға кедендік бажы салығының мөлшерлемесі 56,4%-ға өсті", - делінген МКК хабарламасында.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024