Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жыл басынан бері Қазақстанда 37 мың қолдануға пәтер берілген

Жыл басынан бері Қазақстанда 37 мың қолдануға пәтер берілген

Астана еліміздегі негізгі құрылыс алаңы десе де болады. Елорда болып көшірілген сәттен бері қаланың тұрғын-үй қоры 14 млн шаршы метрге өсті. Өзге аймақтарда да құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр деп хабарлайды Хабар телеарнасы.

Жыл басынан бері елімізде 4 млн шаршы метрден аса үй салынған. Бұл дегеніміз - 37 мың пәтер. Осы жылы мемлекет құрылыс секторына 227 млрд теңге бөлген. Ал, 2014 жылы 6 есе аз бөлінген болатын.
Аталған секторда Астана, Алматы қалалары, Қызылорда және Ақмола облыстары көш бастап тұр.
Бүгінде құрылыс секторы республика ЖІӨ-нің 7 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, осы салада 700 мыңдай адам жұмыс істейді.
Осы жылдан бастап салатын барлық нысандар еуропалық техникалық реттеу жүйесімен салынбақ. Бұның барлығы отандық құрылыс компанияларының арасында бәсекелестіктің болуына жол ашады.

Похожие материалы