Алматы. 29 маусым. 7kun.kz - Банк активтері жыл басындағы көрсеткіштермен салыстырғанда 2,3 пайызға, 4 752 млрд теңгеге дейін төмендеді, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.
Қазкоммерцбанктің 2017 жылғы 3 айдағы таза пайыздық кіріс (провизиялық есептеулерге дейін) 63,9%-ға төмендеп, 21,3 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2016 жылы 59,0 млрд теңге болған. Ал шетелдік валютада жүргізілген операциялар мен курстық айырмашылықтан түскен және комиссиялық табыс көлемі өткен жылғы 13,9 млрд теңгемен салыстырғанда 31,5 млрд теңгені құрады.
2017 жылғы 3 айда таза комиссиялық кірістер негізінен карталық бизнес кірісінің есебінен 26%-ға, 7,6 млрд теңгеге дейін өсті. 2016 жылдың осы кезеңіндегі мұндай кіріс 6,0 млрд теңге болған еді.
ҚРҰБ әдістемесі бойынша 2017 жылғы 1 сәуірде әрекет етпейтін кредиттердің үлесі 8,5%-ды құрады. Бөлшек сауда клиенттерінің қаражаты өткен жылмен салысытрғанда 9,9%-ға, 1 298 млрд теңгеге дейін төмендеді. 2016 жылдың 31 желтоқсанда бұл көрсеткіш 1 440 млрд теңге болған.
Бөлшек сауда клиенттерінің жалпы клиенттердің қаражатындағы үлесі 47,8%-ды құрады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024