Алматы. 16 мамыр. 7kun.kz – 2019 жылдың қаңтар-сәуірінде Ұлттық қорға түскен түсім 1 трлн теңгені құрады. Бұл 2018 жылдың ұқсас көрсеткішімен салыстырғанда (696 млрд теңге) 46,7%-ға артық.
Аймақтық бөліністе түсімдердің ең көп көлемін Атырау облысы (534 млрд теңге), БҚО (172,3 млрд теңге) және Маңғыстау облысы (120,4 млрд теңге) қамтамасыз етті.
Қызылорда облысы - 106 млрд теңге, Ақтөбе облысы – 44,1 млрд теңге, Нұр-Сұлтан – 32 млрд теңге, ал Алматы облысы – 6,6 млрд теңге төледі.
Түркістан облысынан түскен түсімдер 3,9 млрд теңгені, ШҚО – 1,4 млрд теңгені, Алматы облысынан – 91,3 млн теңгені, Жамбыл облысынан – 2,9 млн теңгені, Қарағанды облысынан - 1,4 млн теңгені, ал Ақмола облысынан – 1,6 млн теңгені құрады.
Өз кезегінде Павлодар облысы Ұлттық қорға төрт айда 471 мың теңге, Шымкент – 349 мың теңге, ал Қостанай облысына – 50 мың теңге аударды.
Ал СҚО-нан ешқандай түсімдер болған жоқ.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024