Алматы. 7 желтоқсан. 7kun.kz – 2018 жылдың қараша айында қазақстандық мұнай 3,4% - ға қымбаттап, тоннасына 64,6 мың теңгеге жетті. Қазан айында оның құны тоннасына 62,5 мың теңгені құраған. 2018 жылдың басынан бастап мұнай бағасы 31,8% - ға өсті.
Статистикалық деректерге сәйкес, қараша айында Қызылорда мұнайының бағасы жоғары болды. Шикізаттың тоннасы 95 мың теңге (жылдың басынан бастап өсуі 38,2%) бағаланды.
Ақтөбе мұнайы жыл басынан бері 48,8% – ға (тоннасына 76,8 мың теңгеге дейін), Маңғыстау – 41,6% - ға (тоннасына 60,9 мың теңгеге дейін), ал Атырау-25,1% - ға (тоннасына 60,2 мың теңгеге дейін) қымбаттады.
Өткен айда бензиннің тоннасы жыл басынан бері 0,8% - ға қымбаттап, шамамен 144,6 мың теңгені құрады.
Сонымен қатар, дизель отыны 11 айда 25,3% – ға (166,1 мың тг) , ал мазут-18,2% - ға (54 мың тг) қымбаттады.