Қазақстан. 9 қыркүйек. 7kun.kz – 2022 жылдың басынан бері 11 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жыл басынан бері 11 165 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. 1991 жылдан бастап республикаға барлығы 1 млн 99,1 мың этникалық қазақ оралған.
Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (69,6%) Өзбекстаннан, 10,5% – Қытайдан, 7,1% – Түркіменстаннан, 4,6% – Моңғолиядан және 8,3%-і басқа елдерден қоныс аударды. Олар негізінен Алматы (30,8%), Маңғыстау (17,2%), Түркістан (9,4%) және Жамбыл (6,8%) облыстарында, сондай-ақ Алматы (5,9%), Нұр-Сұлтан (7,5%) және Шымкент (7,6%) қалаларында қоныстанды.
Еңбекке қабілетті жастағы этникалық қазақтардың саны – 59,5%, еңбекке қабілетті жастан кіші адамдар – 27,1%, ал зейнеткерлер 13,4%-ті құрайды.
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың білім деңгейі бойынша 12,3%-і – жоғары білімді, 38,9%-і – арнайы орта білімді, 47%-і – жалпы орта білімді және 1,7%-інің білімі жоқ.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024