Астана. 28 қараша. 7kun.kz – 2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 15 637 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды 7kun.kz.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (65,2%) Өзбекстаннан, 9,2% – Қытайдан, 8,8% – Ресейден, 8% – Түрікменстаннан, 4,8% – Моңғолиядан және 4%-ы басқа елдерден.
Елге оралған этникалық қазақтар, негізінен, Алматы (28,1%), Маңғыстау (16,3%), Түркістан (8,7%) және Жамбыл (6,1%) облыстарына, сондай-ақ Астана (9%), Шымкент (6,9%) және Алматы (5,5%) қалаларына қоныстанды.
2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 59,6%-ті, еңбекке қабілетті жастан кіші – 26,7%-ті және зейнеткерлер 13,7%-ті құрайды.
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың арасында білім деңгейі бойынша 16%-і – жоғары білімді, 39%-і – орта кәсіби білімді, 43,1%-і – жалпы орта білімді, ал 1,9%-інің білімі жоқ.
Айта кетейік, жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 103,5 мың этникалық қазақ оралды.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024