Нұр-Сұлтан. 14 маусым. 7kun.kz – Ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір аралығында Қазақстанға 5122 адам келген, деп хабарлайды 7kun.kz.
ҚР Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, биылғы қаңтар мен сәуір аралығында Қазақстанға 5122 адам келген, елден 7041 адам кеткен, көші-қон сальдосы 1919 адамды құрады.
ТМД елдерінен келгендер үлесі 85,3%-ды, кеткендер – 80,1%-ды құрады.
Қазақстандықтар ел ішінде көшу үшін үш облысты жиі таңдайды – Алматы (11 577 адам), Нұр-Сұлтан (10 300 адам) және Шымкент (1 664 адам).
Өткен жылмен салыстырғанда республика ішінде көшіп-қонушылардың саны 3%-ға азайған.
Ал, Қазақстаннан біржола кеткен азаматтардың саны күннен-күнге артып келеді. Өткен жылы елден 32 мың адам кеткен. Көбінесе азаматтар Ресейге, Германияға, Польшаға және АҚШ-қа кетеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024