Алматы. 22 қаңтар. 7kun.kz – Бағдарламаны әзірлеуші тараптың айтуынша, Қазақстанның жаңа даму жолында мемлекеттік тұрғын үй саясатының негізгі мақсаты - мемлекеттің тұрғын үй құрылысына араласуы қысқартылатындығында, деп хабарлайды премьер-министрліктің баспасөз қызметі.
«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында, екпін тікелей қаржыландырудан бюджеттен тыс қаржыландыруға ауысты. Бағдарлама механизмі жеке инвестицияны тартуды көздейді. Сондай-ақ, бизнесті қолдауға, халыққа ипотекалық кредит беру, тұрғын үй заемдары сияқты қол жетімді қаржы құралдарын ұсынуға бағытталған.
Бағдарлама мерзімі 15 жыл ішінде жүзеге асырылатын болады. 2031 жылға дейін елде 1,5 млн отбасыға бағытталған тұрғын үй салынады деп күтіледі. Жыл сайын 100 000-ға жуық отбасы қоныс тойын өткізеді.
- 45 000 пәтер жалдамалы тұрғын үй (2,2 млн м2);
- 245 000 пәтер кредиттік тұрғын үй (12 млн м2);
- 46 000 пәтер «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры, мәліметтер базасы, Қазақстан ипотокелық компаниясы;
- 600 000 жеке тұрғын үй (60 млн м2).
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024