Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жыл сайын әлемде 400 млрд доллардың азық-түлігі қоқысқа тасталады

Жыл сайын әлемде 400 млрд доллардың азық-түлігі қоқысқа тасталады

Миллиондаған адамдардың аштықта өмір сүруіне қарамастан, әлемде жыл сайын $400 млрд азық-түлігі лақтырылып тасталады. Бұл жыл өткен сайын экономикалық және экологиялық проблемаға айналып келеді. Мұндай мәліметтер Waste and Resources Action Programme (WRAP) ұйымының баяндамасында айтылады.

WRAP баяндамасында айтылғандай АҚШ-тың өзінде ғана жыл сайын құны $162 млрд. 60 млн.тонна азық-түлік қалдыққа айналады. Оның 32 млрд.ы қоқыс жәшігінде қалады. Оларды жою үшін билік жыл сайын  $1,5 млрд бөлуге мәжбүр. Мұндай қалдықтарды жою кезінде метан бөлінетіні белгілі. Жыл сайын азық-түлік қалдығынан бөлітеніт метан көлемі 3,3 млрд тоннаға жетіп отыр. Бұл ауаға тарайтын зиянды газдың 7 пайызы.

Әлем бойынша өндірілетін азық-түлікті ңүштен бір бөлігі тұтынылмастан, қоқыс жәшігіне жіберіледі, дейді WRAP. Олардың есебінше 2030 жылға  дейін азық-түлік қалдықтары 20-50% көлемінде  азайтылса  әлем экономикасы  $120 млрд-тан $300 млрд.-қа дейін үнемдемек. Мысалы Ұлыбританиядағы азық-түлік қалдықтарын азайту әрекетінен 2007-2012 жылдары 13 млрд фунт стерлинг немесе $20,2 млрд. үнемдеген.

Ритейлдер жарамсыз деп тапқан немесе тұтынушылар қоқысқа жіберген азық-түлікпен әлемдегі 870 млн. аштыққа ұшырағандарды тамақтандыруға болушы еді, дейді БҰҰ-ның Азық-түлік және ауылшаруашылығы ұйымы.

WRAP ұйымының есебінше егер әлемдік шешім қабылданбаса әлем экономикасының жылдық шығыны  $600 млрд.қа дейін жетпекші.

Анель Нитқалиева, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 4 курс студенті

Похожие материалы