Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жыл соңына дейін Қазақстанда ақылы жолдар пайда болады

Жыл соңына дейін Қазақстанда ақылы жолдар пайда болады

Алматы. 25 шілде. 7kun.kz - 2017 жылдың желтоқсанына дейін Алматы - Хоргос автожолын ақылы жүйеге енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта Астана - Теміртау, Алматы - Қапшағай жолдарының ақылы жүйесін монтаждау жұмыстары басталып кетті. Сонымен қатар ІІ жартыжылдықта Алматы - Хоргос бағытындағы автожолға да ақылы жүйе енгізіледі.

Ведомство басшысының айтуынша, жүйе желтоқсанна бастап іске қосылады. Одан бөлек, халықаралық инвесторлардың қатысуымен төлем алынатын 5,5 мың км автожол жобасын аяқталады.

"Халықаралық инвесторлардың қатысуымен барлығы 6,5 мың км автожолға ақылы режим енгізу жоспарланып отыр", - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Похожие материалы