Mobile Number Portability технологиясы Қазақстанда биылғы жылдың соңына дейін енгізіледі. Бұл туралы бүгін парламентте Асқар Жұмағалиев айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
-Қолданысқа енгізу мерзімі осы заң мақұлданған кезден басталады. Қолданысқа енгізілсе «ұялы құлдықтан» құтыламыз, деді А.Жұмағалиев.
Еске сала кетейік бұл технология – нөмір мен перефикстерді (707, 747) сақтай отырып, операторды ауыстыруға мүмкіндік береді. Яғни қызметі, тарифтері ұнамаса, басқа операторға ауысып кете аласыз. Қазіргі кезде тұрғындар басқа операторға ауысу үшін тағы нөмір алып, тіркетуге мәжбүр. Соның салдарынан еліміздің тұрғындарының қолында 24 миллион нөмір бар. Бұл халық санынан 1,5 есе көп.
Жаңа технология енгізілсе тұрғындар қолындағы нөмірін сақтай отырып, басқа операторды таңдай алады. Ауыстыру өтініш берген кезден бастап 4-24 сағат уақытты алады.
А.Жұмағалиевтің өзі де бұл қызмет іске қосылса нөмірін сақтай отырып, операторын ауыстыруға құлықты екенін айтты.
Біздің анықтама: Mobile Number Portability қызметі қазіргі кезде әлемнің 70-тен астам елінде қолданылады. Ең алғаш 1995 жылы Гонконгта енгізілді. Алайда бұл елдетек 1999 жылы толыққанды жұмыс істей бастады. Алғаш енгізілгендер қатарында Сингапур аталады. Бұл елде 1997 жылы жартылай қолданысқа енгізгені туралы деректер кездеседі. Жаппай қолданысқа енгізіле бастаған кезі 1999 жылдан басталады. Бұл жылы Англия мен Голландияда іске қосылды. 2002 жылы Еуроодаққа мүше елдер, 2003 жылы АҚШ-та қолдана бастады. Бұл елде 1997 жылдан бастап жартылай қолдана бастағанын айта кету керек. Ал, көрші Ресейде 2004 жылдан бастап енгізіле бастаған, түрлі себептермен 2009 жылға дейін жалғасты. Әлі де толық қосылған жоқ. Қазақстанда MNP-ді енгізу туралы соңғы 2 жылдан бері айтылып келеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024