Осы жылдың соңына қарай өңделмеген табиғи сүт бағасы 20%-ға көтеріледі. Бұл туралы Астанадағы брифинг кезінде Қазақстанның Ет-сүт одағының атқарушы директоры Санызбай Өмірбеков мәлімдеді.
С.Өмірбековтың сөзінше, теңге курсының еркін айналымына өтуі отандық өндірушілерге бағаны ресейлік тауарлардың құнымен теңестіруге мүмкіндік береді. Сонда ғана импорт арзандығынан және тартымдылығынан айырылады. "Ресейде сүттің литрі шамамен 17-20 рубльден тұрады. Теңгеге шағып, ескі курспен есептегенде 50-60 теңге, жаңа курс бойынша 70-80 теңгеден сатылады. Яғни сүт өндірушілер бағаны көтеруге мәжбүр болады", - деп түсіндірді одақ басшысы. 2014 жылдың күзінен бастап табиғи сүттің құны 40 пайызға яғни 115 теңгеден 70 теңгеге түскен. Орта есеппен рубльдің құнсыздануынан қазақстандық кәсіпорындар 700 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейін жоғалтты. "Көптеген кәсіпорындар өндірісін кеңейтуді жоспарлағанымен, қазіргі жағдайға байланысты бұл мүмкіндіктен айырылып қалды", - деп атап өтті С.Өмірбеков. Спикердің сөзінше, Қазақстан сүт өнімдері бойынша ішкі сұраныстың 60 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Өзге 40 пайызын импорт құрайды. Дегенмен одақ басшысы елге табиғи емес ұнтақ сүт кіргізілетіндігіне назар аударды. "Бұл екі проблеманы тудырады. Импортты тауардың көп болуы мал шаруашылығына шығын келтіріп, ұлттың денсаулығына зиян тигізеді. Сондықтан теңге курсының еркін айналымға өтуін мал шаруашылығы үшін үлкен пайда деп білемін",- деп қорытындылады Ет-сүт одағының атқарушы директоры.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024