Алматы. 27 маусым. 7kun.kz – Үкімет өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу үшін шұғыл шаралар пакетін әзірледі. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында премьер - министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді.
«2019 жылдың соңына дейін 300 мың жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар жұмыспен қамту шараларымен қамтылатын болады. Оның ішінде «Бастау-бизнес», «Жас кәсіпкер» жобалары бойынша қысқа мерзімді кәсіптік білім беру бағдарламалары арқылы. Жеңілдетілген несие және гранттар беру арқылы кәсіпкерлік қызметті ынталандыруға үлкен көңіл бөлінеді», - деді ол.
Халықтың аз қамтамасыз етілген жіктері үшін жалға берілетін тұрғын үй құрылысының көлемін екі есеге - жылына 20 мың пәтерге дейін және жұмыс істейтін жастар үшін үш есеге - жылына 3 мың пәтерге дейін арттырады.
«Барлық өңірлерде аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға ыстық тамақ пен және тегін жол жүруді қоса алғанда, мектеп құралдарымен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік қолдау шаралары жүйеленеді. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап аз қамтылған отбасылардан шыққан және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға қосымша 5 мың мемлекеттік білім беру гранты бөлінді», - деді Әлихан Смайылов.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024