Экономика
Жылжымайтын мүлік қоры 300 000-нан астам шаршы метр баспана салып, пайдалануға берді
Жылжымайтын мүлік қоры Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында жалпы ауданы 315 мың шаршы метрден астам 9 тұрғын үй кешенін салып, пайдалануға берді. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының бапасөз қызметі хабарлады.
«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры жылжымайтын мүлік нарығында алты жылдан астам қызмет етіп келеді. Осы жылдар ішінде екі құнсыздануды еңсерді. Құрылған сәтінен бастап Жылжымайтын мүлік қорының қатысуымен жалпы ауданы шамамен 1,4 млн. шаршы метр объекті пайдалануға берілді.«Жылжымайтын мүлік қорының қызметі арқасында республиканың 11 өңірінде 4 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған. Ағымдағы жылдың қорытындылары бойынша, іске асатын жобалардағы жергілікті қамту үлесі орташа есеппен алғанда, 80 пайыздан асады», - делінген баспасөз хабарламасында.
Компанияның мәліметіне сәйкес, қазіргі таңда Жылжымайтын мүлік қоры Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында жалпы ауданы 315 мың шаршы метрден астам 9 тұрғын үй кешенін салып, пайдалануға берген. Жылжымайтын мүлік қоры бағдарламаны іске асыру бойынша тұрғын үйлерді пайдалануға берудің 2015 жылға арналған жоспарын 150 мың шаршы метр мөлшерінде орындады.
Пәтерлердің 70 пайызға жуығы тұрғындарға сатып алу құқығымен жалдау арқылы берілді. Бұл ретте тұрғындар жалдаудың бүкіл мерзімінде, яғни 15 жыл, бір шаршы метр үшін белгіленген ай сайынғы соманы төлейді. Жалдау бағасы теңгемен бекітілген және жалдаудың бүкіл мерзімі ішінде құнсыздануға қарамастан өзгеріссіз қалады.
Бұдан өзге, Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының баспанамен қамту бағыты бойынша жеке меншік компаниялармен әріптестік аясында шамамен 770 мың шаршы метр (13 500 пәтер) пайдалануға берілмек, оның ішінде шамамен 620 мың шаршы метр (10 800 пәтер) Жылжымайтын мүлік қорына тиесілі.
«Осылайша, Қор үш бірдей стратегиялық міндетті орындап, бұлар - қолжетімді баспана салу, жаңа жұмыс орындарын құру арқылы әлеуметтік шиеленіс деңгейін төмендету және құрылыс материалдарын өндіретін жергілікті кәсіпорындарды жұмыспен қамтамасыз ету», - деп баса айтты компанияда.
Фото:inform.kz
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024