Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Өзіңнен баста" акциясы: Ақтөбе облысы

"Өзіңнен баста" акциясы: Ақтөбе облысы

Ақтөбе. 12 маусым. 7kun.kz - Ақтөбелік шенеуніктер айына 1,5 млн теңге шамасында алады. Бұл жөнінде «Диапазон» басылымы жазады. Жылына бір рет шенеуніктер өз табыстары туралы есеп береді. Есептің ішінде олар өз аттарына тіркелген жылжитын және жылжымайтын мүліктерінің санын көрсетеді.

Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетовтың табысы 2014 жылы 18,8 млн теңгені құраған. Одан кейінгі орында орынбасары Сара Нұрқатова тұр. Оның табысы - 13,6 млн теңге. Үшінші орында аппарат жетекшісі Константин Петров - 12,8 млн теңге. Қала әкімі Ерхан Омаровтың табысы 5 млн-нан астам болды.

Десе де, шенеуніктердің ешбіреуінде жеке автокөлік болмай шықты. Барлығының көліктері жұбайларының атына тіркелген. Көбінің иелігінде жапондық машиналар. Сонымен бірге, қала әкімінің орынбасары Ербол Қалдығұловтың жұбайының меншігінде жүк артқыш машина да бар екен.

Ал, жылжымайтын мүлікке қатысты айтар болсақ, әкім де, оның қарамағындағылар да пәтерлеріндегі бөлме санын көрсетпеген.

Өз табыстары жөнінде облыс әкімінің орынбасарлары Роза Кемалова мен Ғани Ісқалиев ауыз ашпады. Ақпарат жинап жүрген уақытта баспасөз-қызметіне бірі демалыстамын деп, енді бірі іс-сапардамын деген жауап қатқан. Ал, акция болса, ерікті түрде өткізіледі.

облыс

ақтөбе

бөлім

бөлім басшы

ауданәкімдер

Похожие материалы