Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қапшағай - Алматы пойызына төрт миллиард теңге бөлінеді

Қапшағай - Алматы пойызына төрт миллиард теңге бөлінеді

Алматы. 12 шілде. 7kun.kz - Қапшағай - Алматы және Ұзынағаш - Алматы бағытындағы теміржол тасымалымен айналысатын тасымалдаушыларға қалалық бюджеттен төрт миллиард теңге субсидия бөлу жоспарланып отыр. Бұл туралы  tengrinews.kz хабарлады.

Алматының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы осы бағыттар бойынша тасымалдаушыларға тендер жариялады.  Конкурстық құжат бойынша, Ұзынағаш пен Алматы арасында және Қапшағай мен Алматы арасында жолға тоғыз пойыз құрамын қою керек. Әр құрамдағы вагондар саны алтыдан тоғызға дейін жетеді.

Әкімшілік талаптар бойынша, тасымалдаушы әр төрт жыл сайын вагондарды жаңартуы және "Оңай" төлеу жүйесін орнатуы тиіс.

2017 жылы бұл бағыттар бойынша қызмет көрсету үшін 353,7 млн теңге бөлінді.  Мәслихаттан 2018-2021 жылдар аралығында жыл сайын Ұзынағаш-Алматы бағытына -  466,1 миллион теңге, ал Қапшағай-Алматы бағытына 381,3 миллион теңге бөліп отыру үшін қосымша 3,4 миллиард теңге сұратылады.

Тендерге қатысу үшін өтініш беру 19 шілдеде аяқталады.

Мәслихат хатшысы Қалдыбай Қазанбаев пойыздардың жүру кестесі Алматыға келуі таңғы 8-де және кейін қарай кету кешкі 7-де болатынын мәлімдеген. Сонымен бірге, жол ақысы 80 теңге және "Оңай" карталарымен жүргізіледі.  Бұл Алматы билігінің қала сыртына пойыз жүргізудің алғашқы амалы емес екенін айта кетейік. Осыған дейін Қапшағайдан Алматы-1 вокзалына дейін екі рет пойыз жүргізілген. Алайда, тасымалдаушының тұрақсыздығы мен үкімет қолдауының болмауына байланысты ол тоқтап қалды.

Еске салсақ, 2015 жылы 6 қарашада Алматы әкімі Бауыржан Байбек IX азаматтық форумда Алматы маңындағы ауыл тұрғындарына күнделікті Алматыға келіп отыру үшін қоғамдық көлікті жолға қою туралы айтқан.

Похожие материалы