Әлем әуежайларындағы Wi-Fi парольдерін білуге болатын қосымша

Wi-Fi
Фото: quibbll.com

Компьютерлік қауіпсіздік жөніндегі инженер әрі блогер Анил Полат (Anil Polat) барлық саяхатшыларға арнап тиімді қызмет түрін ойлап тапты. Ол WiFox деп аталатын интерактивті картаны құрастырып шығарды. Бұл картадан әлем бойынша ірі әуежайлардың тегін Wi-Fi парольдерін табуға болады.

Картада ұшақ белгілерімен әуежайлар белгіленген. Ал ұшақтарды шерткен кезде сол жағында әуежайлардағы Wi-Fi желілернің аты мен парольдерін көруге болады.

Картаны қолдану өте оңай. Тек қажетті әуежайды тауып, ұшақ белгісін шерткеннен кейін желінің қай аумақта жақсы ұстап тұрғаны және парольді енгізу шарттары туралы ақпарат алуға болады. Кейбір әуежайларда Wi-Fi бәріне қолжетімді болса, кейбірінде тегін желіні бизнес-класс пен бірінші кластағы жолаушылар ғана пайдалана алады. Содай-ақ, Анил Полат картаға Wi-Fi Vip-лаунждар мен кафе, мейрамханалар желісінің атауы мен парольдерін енгізген.

Мұндағы ақпарат үнемі жаңартылып отырады, басқа қалалар мен әуежайлардағы мәліметтер пайда болады. Сондықтан аталған қызметті өзіңізге қосып алған жөн. Себебі WiFox  iOS пен Android-тың мобильді қосымшаларында қоржетімді.